Басты ақпарат
Карантин шектеуін бұзу тоқтар емес
Атырау қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Ерлан Биғамбаевтың айтуынша, карантин шектеуін елемей, жұмыс істеген тағы бірнеше мейрамхана анықталды. – Мәселен 26 желтоқсанда түнгі сағат 22:30 шамасында «Тофу» мейрамханасының 60-қа жуық адамға қызмет көрсеткені белгілі болды. Бұл мейрамхана бұған дейін карантин режимін екі рет бұзған. Сол күні түнгі сағат 23:40…
Толығырақ »Тұрақтандыру қорындағы көкөністер саудаға шығарылды
Атырауда тұрақтандыру қорындағы көкөністер облыс орталығындағы сауда орталықтары арқылы сатылымға шығарылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. – Жергілікті «Агрофеликс» шаруа қожалығымен арада жасалған келісім-шартқа сәйкес, тұрақтандыру қорының қоймасынан 361 тонна картоп, 79 тонна пияз, 49 тонна сәбіз, 114 тонна орамжапырақ алынды. Бұл өнімдер «Насиха», «Көктем», «Сарайшық» базарлары арқылы тұтынушыларға…
Толығырақ »Кеше өңірде 60 адамнан коронавирус анықталған
Атырау облысында өткен тәулікте 60 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды. Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 18-і Атырау қаласынан, 37 жұмысшы Теңіз кенішінен, Жылыой – 2, Мақат, Қызылқоға, Құрманғазы ауданындарынан 1 адамнан тіркелген. Олардың 19-ында ауру симптомды түрде өтуде. Сондай-ақ, кеше коронавирус инфекциясынан 32 адам емделіп…
Толығырақ »19 айыппұлы бар көлік ұсталды
Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 26–28 желтоқсан арлығында ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес, яғни айыппұл төлемей жүрген 15 автокөлік арнайы тұраққа койылды. Олардың алтауы – Ресей, үшеуі – Армения, екеуі Қырғызстан елінен әкелінген автокөліктер. 28 желтоқсан күні сағат 21:15 шамасында Сәтбаев көшесінде орналасқан Облыстық соттың тұсында, 32 жастағы азаматтың басқаруындағы ресейлік…
Толығырақ »Индерде сервистік әкімдік ашылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында азаматтардың барлық өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Индер ауданы әкімдігі ғимаратында «Сервистік әкімдік» ашылды. Ашылу салтанатына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Қ.Сүлейменов, «Атырау–адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілі…
Толығырақ »Пәтер алуға көмектесемін деп ақша жымқырған алаяқ ұсталды
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 22 желтоқсанда Атырау қаласы Нұрсая ықшамауданының 29 жастағы тұрғыны өзінің алаяққа алданғаны туралы арыз түсірген. Ол 3 бөлмелі пәтер алып беремін деген 38 жастағы әйелдің сөзіне сеніп, 2 млн. теңге ақша берген. Нәтижесінде, пәтер түгілі берген ақшасын да қайтара алмаған жәбірленуші алаяқтың торына түскенін аңғарады. Аталған…
Толығырақ »КВИ-дан бір аптада 66 адам көз жұмды
21 және 27 желтоқсан аралығында Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 66 адам көз жұмды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады. Олардың бесеуі Атырау облысынан. Covid-19-дан өңірде жалпы көз жұмғандар саны 101-ге жетті. Ал ел бойынша барлығы 2 262 адам осы аурудан өмірден озды.
Толығырақ »Ресей Әблязовты сырттай соттады
28 желтоқсанда Мәскеудің Таган соты қазақстандық БТА банктің бұрынғы төрағасы, қуғындағы оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовті сырттай 15 жылға соттады. Бұл туралы centralasian.org хабарлады. Ресей бас прокуратурасының ақпаратында Әблязовтің Ресейден 60 миллиард рубль жымқырғаны айтылған. Ресей құқық қорғау органдары Әблязов пен оның серіктерін «алаяқтық», «қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру» және «топ…
Толығырақ »Шана сүйреген көлік жүргізушісі жауапкершілікке тартылды
29 желтоқсан күні сағат 01:07 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бейне бақылау инспекторлары қала аумағын тексеру кезінде Орталық көпір тұсында шананы автокөлігіне жалғап жүрген көлікті байқаған. Және ол жерге жедел түрде патрульдік полиция қызметкерлері жіберілді. Оқиға орнына барған патрульдік полиция тексеріс кезінде шананы автокөлігіне жалғап, 22 жастағы…
Толығырақ »Жарақат бөліміне хабарласушылар көбейді
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін түске дейінгі аралықта облыстық аурухананың жарақат пунктіне мұзға тайып құлап, жарақат алған 20 адам жеткізілді. Аурухананың травматология бөлімшесінің меңгерушісі Асхат Бисенғалиевтің айтуынша, жарақат алып жүгінгендер саны өңірде бір ғана травматология бөлімі болғандықтан артып отыр. – Көктайғақ кеше басталғанына қарамастан бүгінгі күні…
Толығырақ »









