Кеше өңірде 60 адамнан коронавирус анықталған

Атырау облысында өткен тәулікте 60  адамда коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды. 
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 18-і Атырау қаласынан, 37 жұмысшы Теңіз кенішінен, Жылыой – 2, Мақат, Қызылқоға, Құрманғазы ауданындарынан 1 адамнан тіркелген.

Олардың 19-ында ауру симптомды түрде өтуде.
Сондай-ақ, кеше коронавирус инфекциясынан 32 адам емделіп шықты.

Айта кетсек, қазіргі уақытта 275  адам үй жағдайында емделіп жатса, облыстық инфекциялық стационарда  –106, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 32,  Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 619 адам ем қабылдауда.