Биыл 12 мыңнан аса этникалық қазақ қандас атанды

2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 12,3 мың адам тарихи Отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 млн. 69,5 мың этникалық қазақ оралды.

Осы жылы Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі, яғни 54,2%-ы Қытайдан, 30,0% – Өзбекстаннан, 8,9% – Түрікменстаннан, 3,7% – Моңғолиядан және 3,2% – басқа елдерден.
11 айдың қорытындысы бойынша еңбекке қабілетті жастағы қоныс аударушылар саны – 57,2%, еңбекке қабілетті жастан кіші 32,2%-ды және зейнеткерлер 10,6%-ды көрсетті.