Шана сүйреген көлік жүргізушісі жауапкершілікке тартылды

29 желтоқсан күні сағат 01:07 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бейне бақылау инспекторлары қала аумағын тексеру кезінде Орталық көпір тұсында шананы автокөлігіне жалғап жүрген көлікті байқаған. Және ол жерге жедел түрде патрульдік полиция қызметкерлері жіберілді.
Оқиға орнына барған патрульдік полиция тексеріс кезінде шананы автокөлігіне жалғап, 22 жастағы әйел адамды шанамен ілестіріп жүргізген «Хюндай Туксон» маркалы автокөлігі тоқтатылды.
Көліктің 2000 жылғы жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің  595-бабының 1-бөлімімен «Жол жүрісі қағидасын бұзғаны» әкімшілік хаттама жасақталып, 13 890 теңге көлемінде айыппұл салынды.