Басты ақпарат
Электр энергиясы мен ыстық су уақытша тоқтайды
14 маусым мен 19 шілде аралығында «Sarens Kazakhstan» ЖШС-гі «АтырауӨзенПорт » өндірістік алаңынан Қарабатан ауылы маңындағы газохимиялық зауыттың құрылыс алаңына дейін 5 дана ірі габаритті технологиялық жабдықтарды тасымалдайды, – деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. Ірі көлемдегі жүкті тасымалдау маусым айының 14, 21, 28 күндері мен шілде айының 5, 12,…
Толығырақ »Қызылқоғада тағы бір адам суға кетті
Кеше Қызылқоға ауданының орталығы Миялы ауылынан 25 шақырым жердегі Ойыл өзенінде 1972 жылғы ер адам арнайы жабдықталмаған жерде шомылу кезінде суға батып кеткен. Кешкі сағат 6 шамасында басталған іздестіру жұмыстарына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 5 қызметкері, 1 техника және жергілікті тұрғындар атсалысты. Нәтижесінде, сол күні сағат 19.30-да суға батып…
Толығырақ »Билет құны біраз арзандады
FlyArystan әуекомпаниясы Атырау өңірінен база ашып, ұшу аймақтарын кеңейтеді. Сыйымдылығы 180 адамға арналған Airbus A320 әуекемесімен ұшу үшін flyarystan.com сайты арқылы әуебилетті рәсімдеп, шаһарымыздан 9 бағытқа жетуге мүмкіндік туды. Билет бағалары: 4 999 теңгеден бастап – Ақтау (күнделікті), Ақтөбе(аптасына 4 рет), Орал (аптасына 3 рет); 6 999 теңгеден бастап –…
Толығырақ »Әкім онлайн қабылдады
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов азаматтарды онлайн-форматта қабылдады, — деп хабарлады Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. Қоғамдық қабылдауға қатысушылар тұрғын үй бағдарламаларына қатысу мен тұрғын үй жағдайын жақсарту, әлеуметтік көмек көрсету, жұмыспен қамту, медициналық көмек мәселесі, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікке қатысты сауалдар қойды. Облыс әкімі қойылған сұрақтар мен ұсыныстарды зерделеп, оларға толық…
Толығырақ »Жоғалған баланың мүрдесі табылды
Кеше жоғалған баланың бүгін мүрдесі табылды. Бұған дейін Еркінқала-2 ауылы маңындағы Жайық өзені жағасынан баланың велосипеді мен киім-кешегі табылған еді. 2009 жылы туған баланы іздестіру үшін Атырау облыстық Төтенше жағдай департаментінің жедел құтқару жасағы бүгін түнгі сағат 02:00 шамасында жұмысқа кірісіп, мүрдені өзеннің шомылуға жарамсыз бөлігінен тапқан. Бұл – балалардың…
Толығырақ »Атыраулықтар «сасық сайдан» құтылатын болды
Атырауда жаңа кәріз-тазарту кешенінің құрылысы 2020 жылдың қыркүйегінде аяқталады деп жоспарлануда. Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасы хабар таратты. Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев қаланың сол жақ жағалау бөлігіне арналған кәріздік тазарту кешенінің (КТК) құрылыс барысымен танысты. Бүгінде нысан бойынша негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, ендігі…
Толығырақ »Махамбет Досмұхамбетов аудан әкімдерін сынады
Кеше облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты жиын өтті, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. Жиын барысында нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы мен еңбек берешегін болдырмау, сондай-ақ электрондық еңбек шарттары талқыланды. 2019 жылы «Нәтижелі жұмыспен…
Толығырақ »Атырауда пойыз жүре бастады
Ертеңнен бастап Атырауға Алматы мен Нұр-Сұлтаннан жолаушылар пойызы жүруін бастайды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабар таратты. Жолаушылар пойыздарының жүру кестесі: 1) № 19/20 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Атырау» бағытындағы жүргіншілер пойызы 11.06.2020ж. Нұр-Сұлтан-Нұрлы жолдан, 12.06.2020 ж. Атыраудан жолға шығады 2) № 29/30 «Алматы-2 — Атырау» бағытындағы жүргіншілер пойызы 11.06.2020…
Толығырақ »«Армян» көліктердің алаңдайтын жөні жоқ
Кеше Атыраудағы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Армениядан әкелінген көлік құралдарын есепке қою тәртібі туралы онлайн баспасөз-мәслихаты өтті. Біздің өңірімізге Армениядан әкелінген көліктер саны – 6800 шамасында болғанмен, дәл бүгін тіркелген көліктердің саны 200-ден асады. ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Мырзалы Өтеғалиевтің айтуынша, осы жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген сол жақ рөлді…
Толығырақ »Атырауда коронавирустан 31 адам жазылып шықты
Теңіз кенішінің 31 жұмысшысы, яғни 30 ер және 1 әйел адам COVID-19 індетінен біржола жазылып шықты. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабар таратты. Олардың айтуынша, індеттің бар-жоғын анықтайтын соңғы тест теріс нәтиже көрсеткен. Осымен Атырау облысы бойынша короновирус инфекциясынан жазылып шыққандар саны 820 адамға жетіп отыр.
Толығырақ »









