Билет құны біраз арзандады

FlyArystan әуекомпаниясы Атырау өңірінен база ашып, ұшу аймақтарын кеңейтеді.
Сыйымдылығы 180 адамға арналған Airbus A320 әуекемесімен ұшу үшін flyarystan.com сайты арқылы әуебилетті рәсімдеп, шаһарымыздан 9 бағытқа жетуге мүмкіндік туды.
Билет бағалары:
4 999 теңгеден бастап – Ақтау (күнделікті), Ақтөбе(аптасына 4 рет), Орал (аптасына 3 рет);
6 999 теңгеден бастап – Қостанай және Қызылорда (аптасына 2 рет);
9 999 теңгеден бастап – Шымкент (аптасына 4 рет);
11 999 теңгеден бастап – Қарағанды (аптасына 3 рет);
12 999 теңгеден бастап – Нұр-Сұлтан (аптасына 2 рет);
14 999 теңгеден бастап – Алматы (аптасына 2рет).
– Атырау облысы еліміздегі индустриалды бағытта дамыған өңір, сондықтан аталған аймақта ішкі әуе тасымалын дамыту потенциалы жоғары , – деді FlyArystan әуекомпаниясының коммерциялық директоры Жанар Жайлауова тілшілерге берген сұхбатында.
Әуекомпания алдағы 15 маусымынан бастап ішкі рейстерді іске қосады.