Басты ақпарат
Назарбаев коронавирус жұқтырды
ҚР тұңғыш Президенті, Елбасы коронавирус жұқтырған. Бұл туралы Назарбаевтың жеке сайты хабарлады. «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Осыған байланысты Елбасы оқшауланды. Бірақ алаңдауға еш негіз жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев қашықтан жұмыс істеуді жалғастыра береді.» делінген мәтінде.
Толығырақ »Атырауда індеттен 2 адам қайтыс болды
Коронавирус індетінен Атырауда тағы 2 адам көз жұмды. Бұл туралы Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Жасұлан Бисембиев әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарлады. Қайтыс болғандар — 1947 және 1980 жылы туған әйел адамдар. 40 жастағы Тасқала елдімекенінің тұрғыны 8-маусым күні әлсіздік, құрғақ жөтел, тәбеттің жоғалуы, жүрек айну белгілерімен дәрігерге көрінген.…
Толығырақ »21 атыраулықтан коронавирус шықты
Кешегі мәлімет бойынша, Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың белгілері бар 21 адам тіркелді. Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. COVID-19 жұқтырған 2 адам — Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің қызметкерлері. 1990 жылы туған ер адам мен 1970 жылы туған әйел адамнан COVID-19 скринигтен өту барысында анықталды. Ал…
Толығырақ »Атырауда 62 медқызметкер індет жұқтырған
Атырау облысында мыңнан аса медицина қызметкері коронавируспен күресуде. Ал солардың 62-сі қауіпті індет жұқтырған. Бұл туралы онлайн брифингте мәлімдеме жасаған облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнафис Танбаеваға сілтеме жасап Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. — Дәрігерлерде коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі басым. Өйткені, COVID-19 індетімен күресте дәрігерлер, медбикелер, кіші…
Толығырақ »Жылыой ауданында карантин 2-шілдеге дейін созылды
Жылыой ауданы Бас санитарлық дәрігерінің жаңа 17.06.2020 жылғы БСМД N98 қаулысы. Қысқаша мәтіні: — карантин 2-шілдеге дейін созылды; — азық-түлік емес дүкендер, шаштараздар мен сұлулық салондар, көлік жуу, жөндеу, тегершік жөндеу орталықтарының қызметіне, оргтехника жөндеу қызметтеріне рұқсат берілді. Толық мәтіні: «Жылыой ауданында карантинтік режимді ұзарту туралы» 2020 жылғы 04…
Толығырақ »Атырауда карантин қайта күшейді
Бүгін Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Амантай Жұмағалиев Атырау облысы аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты қаулы шығарды. 18-маусынан бастап Атырау қаласы мен Атырау облысы аумағында 23:00-ден 06:00-ге дейін арнайы көліктерден басқа көлік қозғалысына тыйым салынды. Сонымен қатар, тұрғындарға сағат 06:00 және 23:00 аралығында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, тек…
Толығырақ »«Қолдан келгеннің бәрін жасады…»
Иманғали Тасмағамбетовтің елші қызметінен кеткені туралы былтыр 18 желтоқсанда шыққан ақпарат ел ішінде кәдімгідей дүрбелең туғызды. Саяси элита арасындағы тартыс күшейген тұста танымал тұлға енді қандай қызметке тағайындалар екен деген сұрақтың маңызы арта түсті. Алайда Ақорда Мемлекет басшысының жарлығымен Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетовті зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және…
Толығырақ »Балабақшаның үш қызметкері коронавирус жұқтырды
№30 қалалық балабақша жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы. Белгілі болғандай, мектепке дейінгі мекемеде Covid-19 алдымен күтушіден анықталған. — 8 маусымда күтуші балабақшаға ЖРВИ белгілерімен келген. Сол күні таңертеңгілік тексеріс кезінде ол тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелген емханаға жіберілді. 11 маусымда күтушіде коронавирус инфекциясының бар екендігі расталды, —…
Толығырақ »Атырауда бесінші қабаттан сәби құлап кетті
Бүгін кешкі сағат 19:40 шамасында Атырау қаласындағы 5 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатынан сәби құлап кетті. Бұл туралы Атырау облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент хабарлады. Береке ықшамауданында орналасқан тұрғын үйдің терезесінен белгісіз жағдайда құлап кеткен бала 2018 жылы туған. Қазір ол жабық бас сүйек-ми жарақаты диагнозымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Осыған…
Толығырақ »Назарбаевтың қоры 15 741 мұқтажға көмектескен
Бүгін Атырау облысының әкімі «Biz Birgemiz!» акциясына қатысушы волонтерларды марапаттады. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады. «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Махамбет Досмұхамбетовтің сөзінше, қиын-қыстау кезде Атырау облысы бойынша «Biz Birgemiz!» акциясы аясында 9000-нан астам отбасыға 222 млн. теңгенің көмегі жасалған. Атап айтқанда, жалғызбасты қарттарға, тұрмысы төмен…
Толығырақ »









