Басты ақпарат
115 миллиардқа жуық ақша қайда жұмсалды?
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанның COVID-19 — бен күресу үшін қанша ақша бөлгенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігіне 114 миллиард 826 миллион теңге бөлінген. — Ол қаражаттың 40 миллиард 58 миллионы Үкімет резервінен. Атап айтқанда, 21 миллиард 184 миллионға жеке қорғаныс құралдарын сатып…
Толығырақ »Дәрілер он есе қымбатқа сатылған
Денсаулық сақтау министрі өңірлерде дәрі-дәрмекті қымбатқа сататын алыпсатарлардың әрекетіне қалай шектеу қойылып жатқанын айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. — Бүгінде Қазақстанның барлық өңірінде әкімдіктер жанынан мониторинг топтары құрылды. Қоғамдық кеңестер мен үкіметтік емес ұйымдар да дәрі-дәрмек бағасын бақылау жұмысына белсене атсалысуда. Олардың бәрі мемлекет бекіткен шекті бағаны қадағалайды. Баға көтеру…
Толығырақ »Атырауда карантин қайта күшею мүмкін
Атырауда санитарлық нормалардың сақталмауына байланысты карантин шаралары күшейтілуі мүмкін. Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары және коронавируспен күрес жөніндегі өңірлік шұғыл штабтың төрағасы Нұрлан Таубаев штабтың нақты міндеттері қандай екенін айтты. — Штаб шектеу шараларының орындалуын қадағалап, жағдайды бақылауда ұстайды. Қажеттілік туындаса, штаб қатаң карантиндік шараларды енгізу туралы ұсыныстар білдіре алады.…
Толығырақ »Оқушылар мен жастар сарайы ашылды
Өңірде жаңадан ашылған Оқушылар және жастар сарайында 200-ден аса мұғалім жұмыс істейтін болады. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады. «Шеврон» компаниясының демеушілігімен салынған Оқушылар мен жастар сарайы пайдалануға берілді. Аумағы 18 833 ш.м. болатын ғимараттың құрылысы 2018 жылы басталып, белгіленген мерзімде аяқталып отыр. Ғимарат астыңғы қабаттан бөлек, 4 қабаттан…
Толығырақ »Сағыз өзенінен екі адамның мәйіті шығарылды
Кеше Қызылқоға ауданы, Сағыз өзені бойында арнайы жабдықталмаған жерде шомылу кезінде екі адам суға батып кетті. Бұл туралы Атырау облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Орталыққа сағат 20:30 шамасында мұқырлық екі азаматтың суға кетіп қалғаны туралы хабарлама түсіп, сағат 00:30-да Атырау облысы ТЖД 3 қызметкері, 1 техника және жергілікті…
Толығырақ »Үйден шығуға тыйым салынды
Атыраулықтарға сағат 23:00-ден кейін үйлерінен шығуға тыйым салынды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте Атырау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының орынбасары Сүлеймен Әубәкіров мәлімдеді. Нақтырақ айтқанда, Атырау облысының аумағында 5-шілде күнінен бастап 19-шілдеге дейін 23:00—06:00 сағат аралығында шектеу шаралары енгізілді.…
Толығырақ »Атырауда жедел штаб қайта құрылады
Атырау облысында коронавируспен күрес жөніндегі Шұғыл штаб қайта құрылады. Ол туралы облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында айтылған, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. — Атырау облысының әкімдігіне коронавирус инфекциясымен күресу жөніндегі аймақтық жедел штаб құру тапсырылды. Штаб шектеу шаралары мен талаптардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етуі керек. Қажет болған жағдайда,…
Толығырақ »Атырауда 3 102 адам ҰБТ тапсырды
Атырау облысында 21-маусым — 1-шілде аралығында 3 102 талапкер ҰБТ тапсырған. Оның 816-сы — мектептер мен колледждердің былтырғы және биылғы түлектері. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады. — 236 талапкер ҰБТ тапсыруға келмеді. Ұялы телефон мен шпаргалка алып келгені үшін 19 адам тестілеуге кіргізілген жоқ. Ал 4 адам шпаргалка…
Толығырақ »Атырауда науқастар үшін екі шатыр тігілді
Атырауда дәрігер мамандар жетіспеушілігін шешу үшін ішкі ресурстар пайдаланылады. Яғни, медицина факультетінің жоғарғы курс студенттері салаға тартылатын болды. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады. Сонымен қатар, аймақтағы дәріханаларға демеушілердің қолдауымен дәрі-дәрмектер жеткізіледі. Мұның бәрі аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетовтің бүгін облыстық ауруханадағы жағдаймен танысуы кезінде анықталды. Қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалға орай,…
Толығырақ »19,3 шақырым жолға 1,67 млрд. бөлінді
«Береке» ықшамауданының 42 көшесіне жалпы ұзындығы 19,3 км. жаңа жол төселеді. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады. Республикалық бюджеттен 1,67 млрд. теңге бөлінген жоба «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асады. Бірақ жол құрылысын жүргізетін мердігер мекеме әзірге анықтала қоймапты. 19,3 шақырым болатын екі жолақты жолдың ені 6…
Толығырақ »









