Аймақ
Полицей шетелдіктердің төлқұжатын тартып алып, ақша бопсалаған
Атырауда полиция қызметкері шетелдіктерден төлқұжат алып, ақша бопсалағаны үшін бес жылға сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істері жөніндегі тергеуші Данияр Бекайдаров мәлімдеді. – 2021 жылғы 22 қаңтарда Атырау қаласы №2 сотының үкімімен Атырау облысы бойынша Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі полиция капитаны…
Толығырақ »«Атырау» ФК: Гаитилік ойыншының трансферлік ақысы төленген жоқ
БАҚ-та жарияланған «Атырау» футбол клубы 200 мың еуроға гаитилік ойыншыны сатып алды деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы «Атырау» ФК-ның баспасөз қызметі мәлімдеді. – Бұл ақпарат шыңдыққа сәйкес келмейді. «Атырау» ФК сапына Гаити құрама командасының ойыншысы қосылғаны рас. Кристиан Алекс Джуниор команда құрамына еркін агент ретінде қосылды. Бұл дегеніңіз ойыншының «Атырау»…
Толығырақ »Былтыр Қызылқоғада 160 тұрғынға жер телімі берілді
Атырау облыстық коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, бұл туралы өткен жылда атқарылған жұмыстар туралы есеп берген Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисембиев мәлімдеді. – Жер кезегіндегі азаматтарға тұрғын үй салуға Миялы, Сағыз, Жасқайрат, Қоныстану ауылдарынан барлығы 683 жер теліміне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу үшін жоба дайындалды. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен Миялы ауылының…
Толығырақ »Атырауда әзірге жұма намазы оқылмайды
Қазіргі таңда карантин жағдайына байланысты, «жасыл аймақтарда» тұрған өңірлердің ауылдарында ғана мешіттерде жұма намазын оқуға рұқсат беріліп отыр. Бүгін Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жұма намазына байланысты шұғыл мәлімдеме жасады. – Атырау облысы «сары аймақта» тұруына байланысты, мұнайлы өңірде әзірге жұма намазы оқылмайды. Бұл мәселеге бұған дейін түсіністік танытып…
Толығырақ »Кеше облыста 44 адамнан КВИ анықталды
Атырау облысында өткен тәулікте 44 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды. Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 10-ы Атырау қаласынан тіркелген болса, Теңіз кенішінен 32 жұмысшы, Жылыой мен Мақат ауданынан 1 адамнан тіркелген. Cоvid-19 инфекциясын жұқтырған 8 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.…
Толығырақ »Өңірде 700-ге жуық медқызметкер вакцина алды
Атырау облысында 1–4 ақпан аралығында 680 медицина қызметкері коронавирус инфекциясына қарсы вакцина қабылдады. Ерікті түрде вакцина салу кезең-кезеңмен жүргізілуде. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды. Өңірде коронавирус індетіне қарсы 24 екпе егу нүктесі ашылған. Сонымен қатар, вакциналарға арналған арнайы мұздатқыш камералары орнатылған. Бүгінде вакцина алған медицина қызметкерлерінің…
Толығырақ »Бүгін Атырауда ауа сапасы нашарлайды
«Қазгидромет» РМК еліміз қалаларындағы ауа сапасы туралы болжамын ұсынды. Синоптиктердің мәліметінше, 5 ақпан күні 5 қалада – Алматы, Атырау, Қызылорда, Талдықорған және Шымкентте ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық ахуалы қалыптасады. Өзге шаһарларда метеоахуал норма шегінде болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың…
Толығырақ »Жастар робототехникадағы жетістіктерімен бөлісті
Атырауда Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 32 жыл толуына орай , әскери-патриоттық клубтар арасында онлайн-робототехника жарысы өтті. Байқауға Атырау облысының білім беру мекемелерінің әскери-патриоттық клубтары мен «Жас сарбаз» сыныптарының 32 тәрбиеленушісі қатысты. Олар «Әскери робототехника» және «Қару-жарақтың, әскери техниканың үлгілері» деп аталатын екі номинациялары бойынша сайысқа түсіп, мерейтойға арналған арнайы макеттерімен…
Толығырақ »Пандемия басталғалы облыста 643 мың ПТР-зерттеу жүргізілді
Бүгінде аймақта тәулігіне 7 мыңға жуық зерттеу жүргізу мүмкіндігі бар 12 ПТР зертханасы жұмыс істеуде. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту және мемлекеттік бағдарламаларды мониторингтеу бөлімінің басшысы Ермек Шмалиевтің айтуынша, індет басталғалы бері облыста 643 мың ПТР-зерттеу жүргізілді. Салыстырмалы түрде алсақ, өңірдегі халық саны – 655 957.…
Толығырақ »Жеке басын куәландыратын құжатсыз жүрген 25 шетелдік анықталды
Атырау қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Ерлан Биғамбаевтың айтуынша, 1–5 ақпан аралығында өтіп жатқан «Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында 200-ден астам шетелдік азаматқа түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Атырау қаласына қарасты Жұлдыз, Томарлы, Көктем, Ақжар, Еркінқала, Балауса, Жұмыскер, Ракуша, Алғабас, Тасқала, Көкарна, Водников елдімекендеріндегі жеке тұрғын үй секторлары, саяжайлар…
Толығырақ »