Бүгін Атырауда ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК еліміз қалаларындағы ауа сапасы туралы болжамын ұсынды.

Синоптиктердің мәліметінше, 5 ақпан күні 5 қалада – Алматы, Атырау, Қызылорда, Талдықорған және Шымкентте ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық ахуалы қалыптасады.

Өзге шаһарларда метеоахуал норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.