«Атырау» ФК: Гаитилік ойыншының трансферлік ақысы төленген жоқ

БАҚ-та жарияланған «Атырау» футбол клубы 200 мың еуроға гаитилік ойыншыны сатып алды деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы «Атырау» ФК-ның баспасөз қызметі мәлімдеді.

– Бұл ақпарат шыңдыққа сәйкес келмейді. «Атырау» ФК сапына Гаити құрама командасының ойыншысы қосылғаны рас. Кристиан Алекс Джуниор команда құрамына еркін агент ретінде қосылды. Бұл дегеніңіз ойыншының «Атырау» командасының сапына ауысуы үшін ешқандай қаражат шығындалмады деген сөз. 27 жасар қорғаушы бұған дейін «Арарат – Армения» командасының сапында өнер көрсетіп, екі жыл қатарынан Армения чемпионы атанды, – делінген хабарламада.