Кеше облыста 44 адамнан КВИ анықталды

Атырау облысында өткен тәулікте 44 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 10-ы Атырау қаласынан тіркелген болса, Теңіз кенішінен 32 жұмысшы, Жылыой мен Мақат ауданынан 1 адамнан тіркелген.

Cоvid-19 инфекциясын жұқтырған 8 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.
Сондай-ақ, кеше коронавирус инфекциясынан 88 адам емделіп шыққан.
Қазіргі уақытта 354 адам үй жағдайында емделіп жатса, облыстық инфекциялық стационарда 63
науқас, аудандардағы инфекциялық стационарларда 25 адам ем қабылдауда.
Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткіші бойынша Атырау облысы әлі «сары аймақта» тұр.