Пандемия басталғалы облыста 643 мың ПТР-зерттеу жүргізілді

Бүгінде аймақта тәулігіне 7 мыңға жуық зерттеу жүргізу мүмкіндігі бар 12 ПТР зертханасы жұмыс істеуде.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту және мемлекеттік бағдарламаларды мониторингтеу бөлімінің басшысы Ермек Шмалиевтің айтуынша, індет басталғалы бері  облыста 643 мың ПТР-зерттеу жүргізілді. Салыстырмалы түрде алсақ, өңірдегі халық саны – 655 957.

– Еліміздегі жан басына шаққанда жүргізілген зерттеулер бойынша бұл – ең жоғарғы көрсеткіш. Қаңтар айындағы орташа тәуліктік зерттеу – 3 856 тестті көрсетті.

Биылғы жылдың  қаңтар айында жүргізілген ПТР-зерттеулер саны өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда  29 пайызға артып отыр, – деді бөлім басшысы Ермек Шмалиев.