Аймақ
Қалада бір тәулікте 30-ға жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді
17 ақпан күні қала аумағында қар жауғанына байланысты 1 тәулік ішінде 30 жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады. Олардың арасында 9 жол-көлік оқиғасына тап болғандар медициналық көмекке жүгінген. Қазіргі уақытта арнайы техника көмегімен жолды тазалау жұмыстары жалғасуда.
Толығырақ »Бағаны тұрақтандыру мақсатында 777 млн. теңге қарастырылған
Атырау облыстық коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін беру кезінде айтқан. – Халық үшін өзекті мәселенің бірі – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру. Бұл мәселе үнемі бақылауымызда. Былтыр жергілікті бюджеттен осы мақсатта қосымша 777 млн. теңге қаржы бөлінді. Айналым…
Толығырақ »Алдағы бесжылдықта өңірде 7 мың отбасы баспаналы болмақ
Атырау облыстық коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, бұл туралы аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен Атырау облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жиынында айтылған. Фракция отырысында «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясы Атырау облысының Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жол картасы талқыланды. Облыстың Жол картасында 7 басым…
Толығырақ »Атырау – Құрманғазы бағытына эксперименталды поезд жолға шықты
Облыстық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әсет Оразғалиевтің айтуынша, 2021 жылғы 17 ақпан күні сағат 17.15-те Атырау–Исатай–Құрманғазы бағытында эксперименталды поезд жолға шыққан. Құрамында жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ҚТЖ ҰК АҚ-ның жауапты мамандары бар. Мақсаты — темір жол қатынасының тиімділігін зерделеу, жол ұзақтығы мен темір жол қозғалысы көрсеткіштерін анықтау.…
Толығырақ »Қаланы қардан тазарту жалғасуда
Атырау қаласы әкімдігінің мәліметінше, бүгін қаладағы қар тазалау жұмыстарына 90-нан аса жұмысшы мен 22 бірлік техника жұмылдырылды. – Қазіргі таңда Азаттық, Әуезов, Сәтбаев, Абай, Құрманғазы және Владимировский көшелерінде қар тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Түстен кейін қосымша тағы 5 техника шығаруды жоспарлап отырмыз, – дейді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Айта кетейік,…
Толығырақ »Covid-19: +35; -90
Атырау облысында өткен тәулікте 35 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды. Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 19-ы Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз кенішінен 13 жұмысшы, Жылыой, Индер, Қызылқоға аудандарынан 1 адамнан тіркелген. Covid-19 инфекциясын жұқтырған 14 науқаста ауру симптомды түрде өтуде. Сондай-ақ,…
Толығырақ »«Мұнайшы» бассейні күрделі жөндеуден өтуде
Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, Мемлекет басшысының бюджет шығындарын оңтайландыру туралы тапсырмасына сәйкес бәсекеге қабілетті орта қалыптастыру мақсатында «Мұнайшы» жүзу бассейні сенімгерлікпен басқаруға берілді. Осыған дейін кешеннің жәй-күйі бойынша халықтан түрлі арыз-шағымдар келіп түсті. Сенімгерлікке алған ұйым Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұсынысымен жүзу бассейнін…
Толығырақ »Бір күнде жол ережесі 485 рет бұзылған
Атырау облысы аумағында 17–19 ақпан аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады. Іс-шараның алғашқы күнінде облыс бойынша жол қауіпсіздігіне қатысты 485 заңбұзушылық анықталды. Оның ішінде 31 – көлік жүргізушілерінің маневр жасау қағидаларын бұзуы, 45 – көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды пайдалану фактісі, жылдамдық…
Толығырақ »Шартты түрде босатылған азамат қайта түрмеге жабылады
Атырау облыстық ПД-ның хабарлауынша, бұрын сотталған 49 жастағы азамат 2018 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласының №2 сотының 2003 жылғы 23 тамыздағы үкімімен тағайындалған жазаның 2 жыл 5 ай 25 күнді өтеуден шартты түрде босатылған. Алайда бір жыл ішінде бұл азамат 4 рет құқық бұзып үлгеріпті. Қоғамдық орындарда құқықбұзушылық әрекеттерін…
Толығырақ »Заң бұзған 103 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Атырау облысында «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасын өткізудің екі күнінде полиция қызметкерлері 143 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 103 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Елде болудың белгіленген қағидаларын бұзған шетелдіктерді қабылдаған 34 азамат, сонымен қатар, шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланатын 6 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 4 шетел азаматына…
Толығырақ »