Қаланы қардан тазарту жалғасуда

Атырау қаласы әкімдігінің мәліметінше, бүгін қаладағы қар тазалау жұмыстарына 90-нан аса жұмысшы мен 22 бірлік техника жұмылдырылды.

– Қазіргі таңда Азаттық, Әуезов, Сәтбаев, Абай, Құрманғазы және Владимировский көшелерінде қар тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Түстен кейін қосымша тағы 5 техника шығаруды жоспарлап отырмыз, – дейді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, өңір жастары қала көшелерін қардан тазартып жатқан жұмысшыларға ыстық шай мен бәліштер таратып беруде. Бұл қайырымдылық шарасы түстен кейін тағы жалғасын таппақ.