Бір күнде жол ережесі 485 рет бұзылған

Атырау облысы аумағында  17–19 ақпан аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Іс-шараның алғашқы күнінде облыс бойынша жол қауіпсіздігіне қатысты 485 заңбұзушылық анықталды. Оның ішінде 31 – көлік жүргізушілерінің маневр жасау қағидаларын бұзуы, 45 – көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды пайдалану фактісі, жылдамдық асырған 24 автокөлік, қауіпсіздік белдігін тақпаған 79 азамат анықталды. Сонымен қатар, көлікті масаң күйде басқарған 6 көлік жүргізушісі жауапкершілікке тартылды.