Әлем - 18.02.2021

Мысыр президенті бала тууды азайтуға шақырды

Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сиси азаматтарды бала тууды азайтуға және отбасында екі баладан артық болмасын деп шақырды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Al-Ahram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Үкімет туудың жоғары деңгейі мемлекеттің өміріне теріс әсер етеді деп алаңдап отыр: азаматтар өмір сүру жағдайының жақсарғанын сезбейді.

– Отбасында екі баладан артық болса, өте маңызды мәселеге айналады. Мысыр үшін жыл сайын 400 мың адам өсімі оңтайлы, – деді президент.

Ал жалпы жыл сайын ел халқы 2,4 миллион адамға көбеюде.

Қазір Мысырда 101 миллионнан аса адам тұрады. Бұл көрсеткіш бойынша ел араб мемлекеттерінің арасында бірінші болып тұр.