Шартты түрде босатылған азамат қайта түрмеге жабылады

Атырау облыстық ПД-ның хабарлауынша, бұрын сотталған 49 жастағы азамат 2018 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласының №2 сотының 2003 жылғы 23 тамыздағы үкімімен тағайындалған жазаның 2 жыл 5 ай 25 күнді өтеуден шартты түрде босатылған.
Алайда бір жыл ішінде бұл азамат 4 рет құқық бұзып үлгеріпті.
Қоғамдық орындарда құқықбұзушылық әрекеттерін жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі «ұсақ бұзақылық», 461-бабы «Ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу», 437-бабы 1-бөлігі «Тыныштықты бұзу» және 492-бабы 1-бөлігі «Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Учаскелік полиция инспекторларының Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 72-бабының 7-тармағына сәйкес, жазасының қалған өтелмеген бөлігі ішінде бірнеше рет әкімшілік құқықбұзушылықтар жасағаны үшін қолданылған әкімшілік жазалары негізінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жойып, жазаның өтелмеген бөлігін орындау туралы берген ұсынысы сотпен қанағаттандырылды.
Сонымен қатар, жазаның қалған өтелмеген бөлігін орындау туралы қаулы шығарылды.