Заң бұзған 103 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Атырау облысында «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасын өткізудің екі күнінде полиция қызметкерлері 143 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады.
Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 103 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Елде болудың белгіленген қағидаларын бұзған шетелдіктерді қабылдаған 34 азамат, сонымен қатар, шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланатын 6 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

4 шетел азаматына қатысты сот елден шығарып жіберу туралы шешім қабылдады. Ал 2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасының аумағынан өз еркімен шығу туралы сот шешімін орындамаған Өзбекстан Республикасының 16 азаматы елден мәжбүрлеу тәртібімен шығарылды.
Іс-шараны өткізу кезеңінде 297 шетелдіктің құқықтық мәртебесі реттелді.