Жайық пен Қиғаш өзендерін тереңдету жұмыстары жалғасады

Атырау облыстық коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен жылы атқарылған жұмыстар есебін беру кезінде айтты.

– 2017 – 2020 жылдары Жайық, Қиғаш өзендерінің 152 шақырымында түп тереңдету жүргізілді. Биыл Қиғаштың 17 шақырымында осындай жұмыстар жасалады. Алдағы жылдары 295 шақырым өзен түбін тереңдетуге жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып, сараптамаға жолданды, – деп атап өтті Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Оның айтуынша, бұл жұмыстар экологияны жақсартумен қатар, балық қорын молайтуға мүмкіндік береді.​