Балық шаруашылығын дамытуға арналған жобалар көбеюде

Бұл жөнінде Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен жылы атқарылған жұмыстар есебін беру кезінде айтты.

​– Қазіргі таңда ҚР ​ Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне 8 жоба ұсынылды. Олардың ​ қатарында тоған шаруашылығы бағытындағы 6 жоба, балық өсіру шаруашылығы және балық өсіру зауытын кеңейту жобасы бар, – деп нақтылады аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов.

​Атап өту керек, былтыр облыста 11 мың 600 тонна балық ауланды. Оның​ 11 мың тоннасы өңделіп, 98 пайызы шетелдерге экспортталды. Аталған салада 4​ 800 адам еңбек етуде.