Сәлемдеменің ішінен есірткі табылды

16 ақпан күні УГ-157/9 (ерлер түзету колониясы) мекемесіне келген сәлемдемелерді тексеру кезінде Ақтау қаласынан келген бандерольдан ақ түсті ұнтақ табылды. Сондай-ақ, темекінің ішіне тығылған жасыл түсті шөп анықталды. Бұл жөнінде Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

– Сәлемдеме табылған бойда мекемеге Атырау қалалық Полиция басқармасының Жедел-тергеу тобы шақырылды. Қазіргі таңда тиісті сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚК-нің 297-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тексеру амалдары жалғасуда, – дейді мекеме бастығы Думан Таженов.