Былтыр Атырауда бизнеске 28 млрд. 600 млн. теңге несие берілген

Бұл 453 кәсіпкердің​ жобасы үшін берілген несие сомасы.

​Атырау облыстық коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен жылы атқарылған жұмыстар есебін беру кезінде айтқан.

– «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы шеңберінде 453 кәсіпкердің жобасы 28 млрд. 600 млн. теңгеге несиеленді. Сол арқылы 670 жаңа жұмыс орны ашылады, – деді аймақ басшысы.

​Атап өту керек, пандемия ушыққан кезде​ 22 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілеріне салықтық жеңілдіктер берілді. ​5 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектісі көмек алды.