Covid-19: +35; -90
Атырау облысында өткен тәулікте 35 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 19-ы Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз кенішінен 13 жұмысшы, Жылыой, Индер, Қызылқоға аудандарынан 1 адамнан тіркелген.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған 14 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.
Сондай-ақ, кеше коронавирус инфекциясынан 90 адам емделіп шықты. Қазіргі уақытта 123 адам үй жағдайында емделіп жатса, облыстық инфекциялық стационарда – 76, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 21, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 227 адам оқшауланып ем қабылдауда.
Айта кетсек, қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты бүгін, тоғызыншы күн – Атырау облысы «жасыл аймақта» тұр.