Отбасы тыныштығын бұзғаны үшін 10 тәулікке қамалды
Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында азамат А.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды «Батыс-Инфо»
Сотта анықталғандай, ол әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде құқық бұзушылығын қайталап, яғни, алкогольдік масаң күйде отбасылық жанжал шығарып, анасы Е.-ге былапыт сөздер айтып, отбасы тыныштығын бұзған.
Сот отырысында А. кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтты.
Сот қаулысымен ол ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.