Жаңалықтар - 21.09.2023

Мектеп есепшілері 610 млн. теңге жымқырған

Алматы облысында білім саласындағы жемқорлық әшкереленді, деп хабарлайды «Батыс-Инфо» «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Мектеп есепшілері 13 адамның атынан жалған құжаттар әзірлеп, ай сайын бюджеттен заңсыз қаржы жымқырып отырған. Сөйтіп, 610 миллион теңгені қолды қылыпты. Есепшілер қылмыстық жауапкершілікке тартылып, іс сотқа жолданды. Бұл жөнінде аймақтағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі мәлімдеді.

Бір есепші кінәсін мойындаған. Ол өзі келтірген залал көлемін, яғни жымқырған 81 миллион теңгені мемлекетке қайтарды.
Сонымен қатар, облыста жалған дипломдарды пайдаланудың 110 фактісі анықталды. Олардың қатарында 5 мемлекеттік қызметші мен 11 оқытушы бар.

— Енді қалған 5 бухгалтерге қатысты іс әлі тергеліп жатыр. Қазіргі таңда шамамен келтірген залал соммасы 500 млн. теңгеден астам, — деді Алматы облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Нұрсұлтан Бекенов.

 

Фото azattyq-ruhy.kz сайтынан алынды