Үш күнде 1 839 рет жол ережесі бұзылған
Атырауда үш күнде көлік жүргізушілері жол ережесін 1 839 рет бұзған.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлметінше, соңғы үш күнде шаһарда «Қауіпсіз жол» акциясы өткізілген.
Үш күндік акция кезінде облыста 1 839 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды. Оның ішінде 366-сы – жылдамдықты арттыру, 288-і – қауіпсіздік белбеуін тақпау, 174-і – көлік жүргізу кезінде ұялы телефонды пайдалану дерегі. Сондай-ақ, көлікті мас күйінде басқарған 17 жүргізуші ұсталды. Және техникалық байқаудан өтпеген 100 көлік анықталып, оларға әкімшілік хаттама толтырылған.