8 сотталушы түрмеге қамалуы мүмкін
Атырау облысында бас бостандығы шектелген 8 сотталушы түрмеге қамалуы мүмкін.
Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты пробация қызметі профилактикалық іс-шара өткізіп жатыр. Шараға полиция қызметкерлерімен қатар, пробация қызметінің 33 қызметкері жұмылдырылды.
Пробация қызметінің есебінде тұрған 499 сотталушының мекенжайына тексеру жүргізілді. Тексеру барысында бас бостандығы шектелген 39 сотталушының сот жүктеген міндеттерден жалтарғаны анықталып, оларға ескерту жарияланды. Ал 8 сотталушыға қатысты бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы сотқа ұсыным жолданған.