Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Ішкі істер министрінің бұйрығымен Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы қызметіне Манарбек Ғабдуллин тағайындалды.
Манарбек Ғабдуллин ішкі істер органдарында 1994 жылдан бері жұмыс істейді. Еңбек жолын учаскелік инспектор болып бастаған. Одан кейін аға учаскелік инспектор, бөлімше инспекторы, учаскелік полиция инспекторы, аға инспектор, Орал ІІБ бастығының орынбасары болып жұмыс істеген. 2018 жылдан бері осы тағайындауға дейін Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары лауазымын атқарған.