Министр қазақстандықтарды сенбілікке шақырды
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қазақстандықтарға үндеу жасады.
– Ел бойынша еріктілер, белсенділер, қоғам өкілдері табиғи аумақтарды қоқыстан тазартып, ағаш отырғызады. Өз аулаңызды, айналаңыздағы саябақтар мен су арналарын, тағы басқа орындарды тазалау арқылы акцияға Сіз де үлес қоса аласыз, – деп жазды министр Twitter-дегі парақшасында.
Мырзағалиевтың айтуынша, жыл сайын 19 қыркүйекте бүкіл әлемде «World cleanup Day» акциясы өтеді. Миллиондаған адам қоғамдық орындарды қоқыстан тазарту үшін сенбілікке шығады. Былтыр шара 169 елдің азаматтарын біріктірген.
Ол барлық қазақстандықтарды сенбі күні осынау ауқымды шараға белсенді қатысуға шақырды.