Роман Скляр Атырауға жұмыс сапарымен келді
Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр Атырау облысына келіп, балық саласын дамыту бойынша ірі инфрақұрылымдық жобалар мен мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын тексерді.
Роман Скляр мен Атырау облысының әкімі «Ақтөбе – Атырау – РФ шекарасы» автомобиль жолын қайта жаңарту учаскелерін, тұрғын үйлердің және жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы құрылысының барысын тексерді. Сондай-ақ, экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиевпен балық шаруашылығы кәсіпорындарына барды.
Премьер-министрдің орынбасары мердігер мекемелерге құрылыс жұмыстарын уақытылы әрі сапалы аяқтау міндетін қойды. Және халық үшін іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалардың сапасын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.