Ресейлік вакцина сыналып жатыр
Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр Үкіметте Жолдауды жүзеге асыру шаралары туралы өткен онлайн баспасөз конференциясында айтты.
Склярдың айтуынша, вакцинаны егу немесе екпеу үшінші кезеңнен кейін белгілі болады.
– Ол сынақтың үшінші кезеңінен кейін жүзеге асырылады. Қазір сынақтың екі кезеңі аяқталды. Үшінші кезең желтоқсан айына таман аяқталады. Оның қамту ауқымы кеңейеді. Барлық сынақ өткен соң, вакцинаны сатып алу бойынша шешім қабылданады, – деді Скляр.