Білім беру саласы бойынша call- орталық нөмерлері жарияланды

ҚР Білім және ғылым министрлігі білім беру саласына қатысты туындаған мәселелерге орай жауап алуға болатын call-орталықтардың телефон нөмірлерін жариялады.
– Қашықтан оқыту, кезекші сыныптар, оқушыларды компьютерлік техникамен қамтамасыз ету және басқа да сұрақтар бойынша білім басқармаларының call-орталықтарына хабарласуға болады, – делінген министрліктің Telegram-парақшасында жарияланған ақпаратта.
Атырау облысы бойынша оқушының білім алуына қатысты сауал туындаса мына телефон нөмірлеріне хабарласу қажет: 8(7122) 27-09-40; 8(778) 934-57-95.