Магистратура: 10 202 үміткерге грант тағайындалды

2020–2021 оқу жылына арналған магистратура дәрежесі бойынша гранттар 10 202 адамға тағайындалды. Бұл туралы ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Әділет Тойбаев айтты.
Оның мәліметінше, бүгін 2020–2021 оқу жылына арналған магистратура дәрежесі бойынша гранттарды тағайындау конкурстық комиссияның соңғы отырысы өтіп, бейінді бағыттарда магистратура бойынша грант иегерлері анықталды. 2020–2021 оқу жылына магистратургаға 12 829 грант бөлінген.

Кешенді тестілеу 17 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында алғаш рет компьютерлік форматта электронды түрде өткізілді.
Тестілеуге 38 199 адам өтініш беріп, олардың ішінде 34 746 талапкер қатысқан.
Конкурс 2 күн жүргізіліп, нәтижесінде комиссия шешімімен 10 202 адам грант игері атанды. Оның 128-і бейіндік магистратура негізінде грант алған.