Шетел азаматын бопсалағандар ұсталды
Полицияға қала аумағында 24 тамыз күні белгісіз біреулер күш қолданып, 500 мың теңге ақша талап етті деп 44 жастағы Өзбекстан елінің азаматы арызданған.
Тәртіп сақшылары ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, жедел-іздестіру шарасы барысында Атырау қаласының 1983 жылғы және Жылыой ауданының 1979 жылғы тұрғынын ұстады. Айғақ зат ретінде бопсалап алынған ақша табылған.
Ұсталған Жылыой ауданы тұрғынының бұған дейін бірнеше рет сотталғаны анықталып, оны тергеу абақтысына, екіншісін үйқамаққа алды.
Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің «Бопсалау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі жүргізілуде.