Интернеті жоқ ауылдың студенттері жатаханаға орналаса алады
Интернеті жоқ ауылда тұратын студенттер қалаға келіп, жатақханаға орналаса алады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
— Интернеті жоқ ауылдарда тұратын студенттер қалаға келіп, санитарлық-эпидемиологиялық норма сақталатын жоғары оқу орындарының жатақханаларында оқшауланып тұра алады, — деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Оның айтуынша, жатақханаларда студенттер жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етіледі.
— Оларға жатақханада тұрып, оқу үшін жеке бағдарлама әзірленіп, арнаулы мүмкіндік жасалады, — деді Асхат Аймағамбетов.