Қызметкерлерін бопасалау арқылы пара алған

Атырауда патрульдік-полиция ротасының командирі қызметкерлерінен ақша бопсалаған. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, патрульдік-полиция ротасының командирі М. қызметі бойынша «қамқорлығы» үшін 5 000-нан 70 000 теңгеге дейінгі мөлшерде қарамағындағы қызметкерлерден бопсалау жолымен жүйелі негізде пара алып келген. Аталған факті бойынша қылмыстық іс тергелуде.
– Сот азамат М.-ды «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Қазіргі уақытта аталған істі тергеу әрекеттері жүріп жатыр, – делінген хабарламада.