Тегін дәрі симптомды ауырғандарға ғана
Короновирустың симптомды түрімен ауырған науқастарға ғана тегін дәрілер мен дәрумендер беріледі. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
№3 Атырау қалалық емханасының бас дәрігерінің орынбасары Клара Жасақбаеваның айтуынша, емхананың үйге барып қызмет көрсететін күндізгі стационар қызметі арқылы короновирустың симптомды түрімен ауырып жатқан науқастарға дәрі мен дәрумендер жеткізіледі.
— Оның ішінде антибиотиктер, «С» дәрумендері бар. Ал короновирустың симптомсыз түрімен ауырғандарға дәрі берілмейді, олар дәрігер бақылауында болады. Емханаға бұрын күніне 50—60 адам короновируспен тіркелген болса, соңғы тәулікте 18 адамды құрады, — дейді Клара Жасақбаева.