Балаларға жоспарлы екпе салу басталды

17-тамыздан кейін емханаларда жоспарлы медициналық тексеріс жалғасады. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

— Жасы 6-ға жеткен балалардың денсаулығын тексеру карантин жағдайында тоқтады. Өткен аптаның басында емханаларда алты жасқа дейінгі балалардың жоспарлы екпе қайта салынып басталды. Карантин аяқталғаннан кейін алты жастағы балаларды медициналық тексерістен өткізуді жоспарлап отырмыз.
Өйтені мектепке баратын балалар профилактикалық екпелерін алып, жаңа оқу жылына қандай жағдайда да дайын отыруы керек, — деп нақтылады №3 Атырау қалалық емханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Клара Жасақбаева.