Тұрмыстық зорлық- зомбылықтан 33 адам көз жұмды

Соңғы 6 айда тұрмыстық зорлық-зомбылықпен байланысты 454 қылмыстық заң бұзушылық тіркелді. 
Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясы барысында Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің ерекше істер жөніндегі аға тергеушісі Арман Мәтжан айтты. 

— Биылғы 1-қаңтардан 5-тамызға дейін тұрмыстық зорлық-зомбылықпен байланысты 454 қылмыстық заң бұзушылық тіркелген. Оның ішінде 241-і елімізде төтенше жағдай енгізілгеннен кейін тіркелді. 33 жағдайдың нәтижесі адамдардың өлімімен аяқталды, — деді аға тергеуші.