Діни салада 56 құқықбұзушылық анықталды
Жыл басынан әлеметтік желілерді мониторинглеу барысында барлығы 56 діни саладағы әкімшілік құқықбұзушылықтар анықталды. Бүл туралы Атырау облысы Полиция департаменті хабарлады.
Анықталған азаматтардың 25-не ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы «Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін, сол сияқты өзге де өнімді Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату», ал 31 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабымен «Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу» бойынша
әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Әкімшілік құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 453 және 490-баптары бойынша жинақталған іс-құжаттар Атырау қалалық мамандандырылған әкмішілік сотына жолданып, оларға қатысты соттың шешімімен 1 миллион теңгеден астам мөлшерде айыппұл салынды.
Полиция қызметкерлері облыс тұрғындарына, әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында діни бағыттағы жазбаларды таратпауды ескертеді.