Бетперде тағу міндетті емес жағдайлар
Денсаулық сақтау мининстрі Алексей Цой бүгінгі Үкімет отырысында қандай жағдайда бетперде тақпауға болатынын мәлімдеді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
— Азаматтар қоғамдық орындарда, жабық ғимарттарда, демалыс орындарында және көшеде медициналық бетперде тағуға міндетті. Тек 5 жасқа дейінгі балалар, жеке немесе бес адамға дейінгі топтық жаттығу жасап жатқан тұрғындар және медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар маска тақпауына болады, — деді министр.
Сонымен қатар, жол даладағы қоғамдық тамақтану орындарында әлеуметтік ара қашықтық сақталған кезде маска тақпауға болатындығын атап өтті.