Науқастарды порталға тіркеу басталды
Атырау емханаларында ірі қалаларға портал арқылы жоспарлы жолдау басталды.
— Қазіргі уақытта негізінен неврологиялық ауруға шалдыққан балаларға, кардиологиялық аурулар және ауыр жағдайдағы ересек науқастарға келісім арқылы Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына жолдама берілуде, — деп хабарлайды Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Атырау қаласы Геолог емханасының «Жанұя, денсаулық және отбасы» бөлімінің меңгерушісі Эльмира Мерешованың айтуынша, науқастан алдымен коронавирус инфекциясына қарсы тест сынамасы алынып, ол теріс нәтиже берген жағдайда ғана жолдама беріледі.