Қаладан шығар жол 2 аптаға жабылады
Сәрсенбіде таңертеңгі сағат 6:00-ден бастап теміржол көпірінің маңындағы қиылыс және Геолог ықшамауданына апаратын жол толығымен жабылады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Хабарламада: – Жолды қалпына келтіру және көлік жүретін бөлікті кеңейту мақсатында 29-шілде мен 11-тамыз аралығында Амандосов–Берғалиев көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады. Көлік құралдары балама бағыттар бойынша қозғалады. Қозғалысты реттеуді Атырау қаласы полиция басқармасының жол-патрульдік қызметі ұйымдастырады, – делінген.