Атырауда су беру уақытша тоқтайды
Бүгін сағат 14:00-ден бастап СМП-136 ықшамауданы №6-үй аумағы су құбырындағы апатты жағдайды қалыпқа келтіру бойынша жұмыстардың орындалуына байланысты су беру уақытша тоқтатылады. Бұл жөнінде «Атырау облысы Су Арнасы» КМК-ы хабарлады.
Апатты қалпына келтіру жұмыстары орындалған кезде төмендегі мекен-жайларға су беру уақытша тоқтатылады:
Көпқабатты тұрғын үйлер: Махамбет көшесі №114а, б, в, Момышұлы көшесі №21, Канцев көшесі №1, 3, 3а, 5, 11, Серго көшесі №15, 17, 19.
Жеке сектордағы тұрғын үйлер: Бақтыгереев пен Уәлиханов көшесі , Жәңгір хан, Кенен Әзербаев, Тұмар ханша өткелдері, Чайковский көшесі мен Ленинградский өткелі, Коғалы көшесі мен Әнет баба, Үлкен көл, Сороченко, Алгабас, Камысты, Көшім, Бақсай, Күйші Байжұма өткелдері, Әбішев, Тәуке хан, Қабанбай батыр, С.Датов, Меңдешев, Мамедов, Игілік көшелері мен Доссор, Восточный, Каспий, Әбуталиев өткелдері.
Сонымен қатар, Канцев көшесіндегі №17 мектеп аумағындағы «Орталық Б» жылу пункті.
Ал судың жүруі қашан қалыпқа келтірілетіні әзірге белгісіз.