Қиғашқа батып құрбан болды
Атырау облысында тағы да бір адам суға кетті. Бұл туралы Атырау облысының төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Бүгін таңғы сағат 06:30-дан бастап 4 құтқарушы, 1 бірлік техника және 1 жүзу құралының күшімен Құрманғазы ауданы Бірлік ауылдық округі Ягодкин учаскесінің жанындағы Қиғаш өзенінен 1979 жылғы ер адамның денесі іздестірілуде. Ол кеше кешкі сағат 10-ның шамасында өзенді қайықпен өтпекші болғанда, аударылып суға батып кеткен.