Дәріні қымбатқа сатушылар азаяр емес
Атырауда заңсыз дәрі-дәрмектер, медициналық бетперделер сату деректері анықталды. Бұл туралы Атырау облысы полиция департаменті хабарлады.
Атырау қаласының 1994 жылғы тұрғыны үйінен қымбат бағамен дәрі-дәрмектерді заңсыз сатып ұсталды.
Тексеру барысында Ингавирин 5000, Дексаметазон виал 4000, Азитромицин 2000, Дексаметазон 2000, Лидокаин Буфус 1000, Метронидозо 1000 теңгеден сатылған.
Сол күні полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары кезінде Авангард ықшамауданындағы үйлердің бірінен өз бағасынан бірнеше есе қымбат бағамен медициналық бетперделер сатылып жатқанын анықтады. Тексеру кезінде пәтер ішінен 43 мың медициналық бетперде тәркіленді.
– Анықталған деректер бойынша, тексерулер жүргізіледі, – деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.
Бұған дейін, яғни, 6-шілдеде полиция қызметкерлері Атыраудағы косметикалық салондардың бірінде респираторлық вирустық ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді заңсыз сатушыларды анықтаған еді.