Атырау қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Атырау қаласы әкімінің орынбасары болып Емберген Самат Жұмабайұлы тағайындалды.
Самат Емберген 1979 жылы туған. 2000 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Тарих пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған, ал 2007 жылы «Заңгер» мамандығын алған.
2005 жылдан мемлекеттік қызметте. 2019 жылдан бастап қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы болып қызмет еткен.
Бұрын осы қызметті атқарған Ұлықбек Тiнәлиев басқа жұмысқа ауысуына орай, қызметiнен өз еркімен босатылған.