115 миллиардқа жуық ақша қайда жұмсалды?
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанның COVID-19 — бен күресу үшін қанша ақша бөлгенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігіне 114 миллиард 826 миллион теңге бөлінген.
— Ол қаражаттың 40 миллиард 58 миллионы Үкімет резервінен. Атап айтқанда, 21 миллиард 184 миллионға жеке қорғаныс құралдарын сатып алуға. 2 миллиард 30 миллион дәрі — дәрмектерді, медициналық бұйымдарды сатып алуға. 2,5 миллиард теңгеге зертханалық жабдықтар, коронавирусты анықтау үшін тест-жүйелер сатып алуға бөлінген. 100 миллион теңге сатып алу қызметтері бойынша әзірлеу және шығару жиынтығы реагенттерді анықтау үшін жұмсалды. ПЦР әдісімен зертханалық зерттеулер жүргізу бойынша қызметтерге 13,7 миллиард теңге бөлінді. 310 миллион теңге тыныс алдыру аппараттарын алуға. 131 миллион теңге адамдарды эвакуациялауға. Республикалық бюджеттен 74 миллиард теңге бөлінді. 19,5 миллиард теңге медициналық қызмет көрсетуге жұмсалды. Карантиндік іс-шараларды өткізуге тартылған қызметкерлерді ынталандыруға 40,4 миллиард теңге бөлінді. Инфекция жұқтырған науқастарды орналастыру үшін жылдам салынатын үш кешен құруға 14,8 миллиард теңге бөлінді», — деді министр ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте.