Екінші толқынға арналған штаб құрылды

Атырау облысында короновируспен күрестің екінші кезеңіне арнайы штаб құрылды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Асхан Байдуәлиевтың төрағалығымен өткен жиында облыстағы емдеу мекемелері басшыларынан штаб құрылып, нақты жоспарлар бекітілді.

Жиында жедел-жәрдем бекеттеріне диспетчерлер санын көбейту, дәрі-дәрмек қорын нақтылау, қорғаныш құралдары, ИВЛ аппараттарының жеткілікті болуын қадағалау, тұрғындардың дәрігерлерге онлайн хабарласа алуын қолжетімді ету мәселесі қаралды.